Астанада «Азия балалары» ойындарына іріктеу жарысы басталды

Астанада «Азия балалары» ойындарына іріктеу жарысы басталды
news-banner7
mobile-news-top

«Барыс Арена» спорт кешенінің олимпиадалық бассейн базасында жүзуден 3 жас топтары арасында Астана қаласы ашық чемпионатының ашылу салтанаты өтті.Кеше 2008-2009 жылғылар мен одан кейінгі жылдары дүниеге келген жасөспірімдер арасында су спорты түрлерінен еліміздің ашық біріншілігі басталған болатын. 4 күнге жалғасатын бәсекеде 64 жүлде жиынтығы сарапқа салынбақ.

Спорттық іс-шараның ашылу салтанатына Астана қаласы әкімдігінің №4 Балалар мен жасөспiрiмдер мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің басшысы Нұрбол Жарқынбеков және төрешілер құрамы қатысты.

Жарыстың ашылуы рәсімін салтанатты түрде мектеп басшысы Нұрбол Жарқынбеков ашып, жас спортшыларға жоғары жетістіктерге жетуіне сәттілік тілеп, жылы лебізін білдірді.

«Сіздерді бүгінгі жарыстың басталуымен шын жүректен құттықтаймын. Біріншілік қаламызда жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады. Додаға қатысуға Қазақстанның әр өңірінен 400-ден аса спортшы қатысуда. Қазіргі таңда жүзу спорт түрі елімізде қарқынды дамып келеді. Астаналық спортшылар көптеген жетістіктерімен ел спортының тарихында есімдерін қалдырып үлгерді. Күні кеше айтулы мектептің тәрбиеленушілері Оңтүстік Кореяда академиялық ескек есуден өткен Азия кубогінде әйелдер құрамасы алғаш рет топ жарды. Сондай-ақ жігіттеріміз үздік үштіктер қатарынан көрінді. Өздеріңізді бүгінгі жарыста көргеніме қуаныштымын. Жарысты ұйымдастырған барша азаматтарға еліміздің спорт саласын дамытуға қосқан үлесі үшін зор алғысымды білдіремін. Бүгінгі жарыста үздіктердің үздіктігі анықталып, ең мықтылар жеңіс тұғырынан көрінеді деген сенімдемін», - деді №4 Балалар мен жасөспiрiмдер мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің басшысы Нұрбол Жарқынбеков.

Айтулы додада еліміздің барлық аймағы мен спорттық клубтар жүлде жолында сайысқа түседі. Жалпы 26 команда маусым айының соңында Якутия (Ресей) қаласында өтетін VIII «Азия балалары» халықаралық спорттық ойындары жолдамасына бақ таластырады.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер