Асхат Тағыберген: Ең жақсы ойынымызды көрсетуге дайынбыз

Асхат Тағыберген: Ең жақсы ойынымызды көрсетуге дайынбыз
news-banner7
mobile-news-top

«Ордабасы» ФК капитаны Асхат Тағыберген клуб айналысында болып жатқан жағдайға қатысты ресми мәлімдеме жасады.

- Мен «Ордабасы» футбол клубының футболшысы және капитаны ретінде ресми түрде хабарлаймын: Мен кешегі клуб жанкүйерлерімен кездесуге қатысты барлық қауесетті жоққа шығарғым келеді.

Бейресми дереккөздерде жарияланған ақпараттар қауесет болды және біз жанкүйерлер көтерген барлық сұрақтар мен шағымдардың тыңдалғанын растаймыз. Біз қарым-қатынас эмоционалды және кейде қызу болғанын мойындаймыз, бірақ жанкүйерлер мен бір-бірімізді түсіндік. Біз ойынды жалғастыруға және алдағы матчтарда ең жақсы ойынымызды көрсетуге дайынбыз.

Барлық жанкүйерлерге қолдау көрсеткендері үшін алғыс айтамын және алдағы матчтарда да бізбен бірге болыңыздар дегім келеді. Сіздердің қолдауларыңыз біз үшін өте маңызды және бізге артылған үміттеріңізді ақтауға бар күш-жігерімізді саламыз уәде беремін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер