Бокс

Батыр Жүкембаевтың келесі қарсыласы белгілі болды

Батыр Жүкембаевтың келесі қарсыласы белгілі болды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев келесі жекпе-жегін АҚШ-та өткізеді, қарсыласы украиналық бокшы Иван Редкач, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жекпе-жек 22 мамырда Плант-Ситидегі (Флорида, АҚШ) бокс кеші аясында өтеді.

Жекпе-жек он раундқа жоспарланған.

Айта кетейік, қазақстандық боксшы кейінгі жекпе-жегін өткен жылдың 13 желтоқсанында Американың Плант-Сити қаласында (Флорида) өткізген.
Батырдың қарсыласы франциялық боксшы Мохамед Мимун (23-6, 4 КО) болды, жекпе-жек толық он раундқа созылып, төрешілер шешімімен Жүкембаев жеңіске жеткен болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер