«Қайрат» «Ақтөбеге» қарсы матч алдында мәлімдеме жасады

«Қайрат» «Ақтөбеге» қарсы матч алдында мәлімдеме жасады
news-banner7
mobile-news-top

Футболдан Қазақстан чемпионатының 5-туры аясындағы «Қайрат» пен «Ақтөбе» командалары арасындағы матчқа барлық билет сатылып кетті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі алматылық клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Барлық көрерменді кіреберісте бақылаудан (тексеру) өту уақытын ескере отырып, сондай-ақ кезекте тұрып қалмас үшін стадионға алдын ала келулерін сұраймыз. «Қайрат» жанкүйерлері осы сенбіде екі гейттен (кіреберіс) – Абай даңғылы мен Сәтбаев көшесі жағынан кіреді. Қонақ команда жанкүйерлеріне арналған кіреберіс – Байтұрсынов көшесі жағынан», - делінген клуб хабарламасында.

«Қайрат» - «Ақтөбе» матчы 20 сәуірде сағат 19:00-де басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер