«Көз тиген». Депутат Магомед Адиевті қызметінен босатуды сұрады

«Көз тиген». Депутат Магомед Адиевті қызметінен босатуды сұрады
news-banner7
mobile-news-top

Депутат Ринат Зайытов туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевқа футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиевті қызметінен босатуды ұсынды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол Адиевтің құрамада да, ресейлік «Ахматта» да ірі есеппен жеңілгенін алға тартты.

«Футбол жанкүйері ретінде сізге бір өтінішім бар. Бас бапкеріміз Магомед Адиевке көз тиген сияқты. «Ахмат» ойнаса, жеті гол кіргізеді, бізде ойнаса, бес гол кіргізеді. Осы кісінің біліктілігі жайлы мәселе көтеріп, ауыстыру керек сияқты», - деді Зайытов.

Маржықпаев депутат көтерген мәселелерге жазбаша жауап қайтарылатынын айтты.

Айта кетейік, Магомед Адиев Қазақстан құрамасының бас бапкері ретінде ЕУРО-2024 іріктеу кезеңі аясында Грекиядан 0:5 есебімен жеңілген еді.

Сәуірдің басында ол «Ахматтың» тізгінін ұстады. Ресей чемпионатында екі матчта да жеңілді - «Локомотивтен» 0:2, «Балтикадан» 1:7.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер