Гиорги Зариа қазақстандық клубтардан түскен ұсыныстар туралы

Гиорги Зариа қазақстандық клубтардан түскен ұсыныстар туралы
news-banner7
mobile-news-top

«Қайраттың» грузин жартылай қорғаушысы Гиорги Зариа Sport Plus Qazaqstan сайтына берген сұхбатында қазақстандық клубтардан түскен ұсыныстар және алматылық ұжымның маусымдағы ойыны туралы айтты.

­- Маған екі клуб қызығушылық танытты. Біріншісі «Қайрат» болса, екінші команда «Ақтөбе» болды.

«Қайрат» маусым басындағы аутсайдерлермен сәтсіз ойындары туралы:

- Менің ойымша, бізде турнир кестесінің төменгі жағындағы командалармен мәселелер жоқ сияқты. Маусым енді басталып, барлығы енді ғана кірісіп жатыр. Өкінішке орай, мүмкіндіктерді жүзеге асыру қиын болды, бірақ соңғы кубоктық ойында біз оларды түзетіп, жауапсыз 3 гол соға алдық.



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер