Әлем футболы

Чемпиондар лигасы: 1/2 финалға шыққан барлық команда анықталды

Чемпиондар лигасы: 1/2 финалға шыққан барлық команда анықталды
news-banner7
mobile-news-top

Сәрсенбі, 17 наурызда Чемпиондар лигасы 1/4 финалының қарымта ойындары өтті, деп жазады Prosports.kz.

Сейсенбіде дортмундтық «Боруссия» мадридтік «Атлетиконы» 5:4 (1:2, 4:2) есебімен жеңіп, жартылай финалға шыққан. Екі жұпта париждік ПСЖ каталониялық «Барселонаны» жарыс жолынан шығарған - 6:4 (4:1, 2:3).

Ал сәрсенбі күні «Реал Мадрид» пен «Бавария» келесі кезеңге өтті. Мадридтік команда «Манчестер Ситиді» пенальти сериясында жеңді (4:3). Жалпы есеп – 4:4 (негізгі және қосымша уақыт – 1:1, бірінші матч – 3:3). Ал бавариялық клуб өз алаңында «Арсеналды» 1:0 (бірінші ойын – 2:2) есебімен жеңді.

Осылайша, турнирдің жартылай финалына «Реал Мадрид», «Бавария», «ПСЖ» және «Боруссия» Д шықты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер