«Байер» жас футболшысы үшін 150 миллион еуро талап етіп отыр
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызЛеверкузендік «Байер» өзінің басты жұлдызы, жартылай қорғаушы Флориан Вирцті қаншаға сатуға дайын екені белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Marca газетінің хабарлауынша, Байер 20 жастағы жартылай қорғаушы үшін 150 миллион еуро алғысы келеді. Transfermarkt.de сайты футболшыны 110 миллион еуроға бағалайды.
Осы маусымда Флориан Вирц 41 матч өткізіп, 17 гол соғып, 18 нәтижелі пас берді. Оған басты үміткер – Реал Мадрид.