Әлем футболы

Чемпиондар лигасы: Жартылай финалға шыққан екі команда анықталды

Чемпиондар лигасы: Жартылай финалға шыққан екі команда анықталды
news-banner7
mobile-news-top

Чемпиондар лигасының 1/4 финалының қарымта ойынында ПСЖ «Барселонаны» жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Каталониядағы кездесу 4:1 есебімен париждіктердің пайдасына шешілді.

Парижде өткен бірінші ойын каталондықтардың жеңісімен аяқталды – 3:2. Жалпы есеп 6:4 ПСЖ пайдасына.

Париждіктер Чемпиондар лигасының жартылай финалына шығып, Мадридтің «Атлетико» командасын жалпы 5:4 (1:2, 4:2) есебімен жеңген Дортмундтық «Боруссиямен» ойнайды.

Чемпиондар лигасының жартылай финалының алғашқы ойындары 30 сәуір мен 1 мамырда, жауапты ойындар 7 және 8 мамырда өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер