«Астанаға» африкалық шабуылшы ауысты
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңыз«Астана» 22 жастағы нигериялық шабуылшы Ннамди Аханону туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Ннамди бізбен бірге! Біздің шабуылшы командамен алғашқы жаттығуын өткізді», - деп жазды «Астана» футбол клубының баспасөз қызметі.
Аханону елордалық командаға албаниялық Скендербеуден ауысты. Өткен маусымда Албания чемпионатының үздік сұрмергені атанды.
Айта кетейік, «Астана» Қазақстан Премьер-Лигасындағы келесі ойынын 21 сәуірде Алматыда «Тобылға» қарсы өткізеді. Кездесу сағат 16:30-да болады