Әрбір ойыншы өнер көрсете алатын клуб Екінші лигаға жетті

Әрбір ойыншы өнер көрсете алатын клуб Екінші лигаға жетті
news-banner7
mobile-news-top

Prosports.kz бұрын хабарлап өткендей, отандық футболдың үшінші деңгейлік жарысы басталды.

Осы маусымдағы Екінші лиганың дебютанттарының бірі – KazAST футбол клубы туралы толығырақ айтып берген жөн деп шештік.

Енді жас футболшыларға сапалы білім алумен кәсіпқой спорт арасында таңдау жасаудың қажеті жоқ. KazAST ФК арқасында осы екі маңызды бағыт еш қиындықсыз біріктіріледі, әр ойыншы сүйікті мамандық бойынша білім алумен қатар кәсіпқой футболда ойнау мүмкіндігіне иеленеді.

2024 жылы еліміздің жетекші спорттық жоғары оқу орны, Қазақтың спорт және туризм академиясы өзінің 80 жылдығын атап өтіп жатыр. Академия қабырғаларында 400-ден астам болашақ футбол мамандары оқытылатын футбол кафедрасы қызмет жасайды. Алты жыл бұрын осы кафедра, академия басшылығы энтузиасттар тобымен бірге КСРО чемпионатында ойнаған «Скиф Алма-Ата» футбол клубынқайта қалпына келтіру жайлы шешім қабылдады. Клубтың негізгі міндеті – қазақстандық футболға кадрлар дайындау. Бұл отандық спортты дамыту үшін аса маңызды және өзекті миссия екені айқын.

Клуб концепциясын аясында жүретін процессті сипаттап өтейік. Бүкіл ел бойынша 11-сыныпты бітірген жас футболшылар ҰБТ-ны өтіп, ҚазСТА-ға қажетті құжаттарды тапсырады. Осыдан кейін ең озық ойыншыларды іріктеу арқылы бірінші курсқа қабылдайды. Іріктеу тек жігіттерарасында ғана емес, қыздар арасында да өткізілетінін атап өткен жөн. Қабылданған абитуренттер алдында көптегенмүмкіндіктер ашылады: студенттік деңгейде футбол немесе футзал ойнау, Қазақстан чемпионатында ойнайтын бас командаға ойнау мүмкіндігін іске асыру немесе қала біріншілігінде өнер көрсететін дубль арқылы негізгі командаға өту жолы болады.

Сонымен қатар, кафедра студенттерінің теория тұрғысынанғана емес, практикалық тұрғыдан да білім алу мүмкіндігі бар. Команда құрылымында KIFS балалар академиясы бар екенін ескере отырып, бастауыш курс студенттері жаттықтырушылар, скаут, анализ жасаушы, спорт психологы, маркетолог, әкімші және басқа да көптегенсұранысы жоғары бағыттар бойынша тағылымдамадан өте алады.

Әрі қарай, ойыншылар жарыстарда өнер көрсетеді. Алты айсайын құрамдар арасында ротация орын алады, яғни көзге түскен мықты ойыншыларға үздік клубтар қатарынаауысуға көмек көрсетіледі, ал олардың орнына басқа футболшылар таңдалады. Футбол саласында қалғысы келетін, бірақ өмірін кәсіпқой ойыншы ретінде жалғастырмау туралы шешім қабылдағандар немесе жоғары деңгейде футболшы бола алмайтынын түсінгендер клубтың құрылымдық бөлімшелерінің бірінде мамандығы бойынша ақылы тағылымдамадан өту мүмкіндігі болады.

Тағылымдама нәтижелері бойынша студенттердің басым көпшілігі академияға байланысы бар ұйымдарда ғана емес, Қазақстанның басқа да футбол ұйымдарында жұмыс істеу туралы ұсыныстарға иеленеді. Нәтижесінде-ҚазСТА адамдарға өздерінің сүйікті ісі аясында кәсіби мансап құруға, футболдық мамандық иеленуге, және ең бастысы, сүйікті ісінен бас тартпай кәсіпқой деңгейде ойнауға мүмкіндік береді.

Жоғарыда сипаттағанымыз KazAST клубының миссиясыболып табылады, яғни клуб болашақ ұрпақтың футболдықәлеуетін іске асыру, яғни сапалы мамандар дайындайтын және сүйікті іспен айналысуға мүмкіндік беретін орта құруды өзінің басты мақсаты ретінде қабылдайды. Қарапайым сөзбен айтқанда, клуб Академия студенттеріне футболды жалғастырып қана қоймай, сонымен бірге сапалы білім алуға мүмкіндік береді.

Биыл KazAST футбол клубы Қазақстан чемпионатының Екінші лигасында дебют жасайды.
Жаңа клубтың ашылуына байланысты KazAST клубыныңдиректоры және KIFS футбол академиясының негізін қалаушысы Даумов Алтай келесі сөдермен бөлісті:

«Біз академия студенттерін біріктіретін, оларға білім берудің маңыздылығын ұмытпай, сонымен қатар алаңда өздерінің спорттық дағдыларын қолдануға мүмкіндік беретін жаңа футбол клубын таныстыруға қуаныштымыз».


Команда құрамының қаңқасын Қазақтың спорт және туризм академиясының студенттері құрайды, сондай-ақ, команда Қазақстанның басқа клубтары үшін ойын тәжірибесі бар ойыншылармен жасақталған.

KazAST клубының кәсіби деңгейдегі дебюті келесі апта, 10 сәуір күні өтеді.

Команда Шымкент қаласында QFL екінші лигасы аясында Тұран жастар командасына қарсы алғашқы ойынын өткізеді.

Команда елдегі футболдың дамуына өз үлесін қосуға дайын қалалық әкімшіліктің, меценаттармен демеушілердің қолдауына мұқтаж. Әзірге барлық бастамалар энтузиасттаржәне Спорт және туризм академиясының басшылығының күшімен жасалып жатыр, алайда бей-жай қалмайтынадамдардың қолдауының көмегімен сапалы нәтижелергетезірек қол жеткізуге болатыны анық.

ҚазСТА-ға оқуға түсу, команданың іріктеуі және қолдау көрсету мәселелері бойынша +77470618796 телефоныарқылы хабарға шығуға болады.

Фото: KazAST ФК

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер