Қазақстандық ойыншылар Гагарин кубогының финалында өнер көрсетеді
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызСәтбаевтың «Қазақмыс» командасының түлектері алғаш рет Гагарин кубогының финалында өнер көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қорғаушы Валерий Орехов пен шабуылшы Никита Михайлис «Металлург» құрамында «Локомотивке» қарсы алдағы серияда ҚХЛ бас жүлдесі үшін таласады.
Сәтбаевтық Валерий Орехов биылғы маусымда ҚХЛ тұрақты чемпионатында 55 кездесу өткізіп, 14 (3+11) ұпай жинады және плей-оффтың 19 ойынында 3 нәтижелі пас берді.
Қарағанды қаласының тумасы, Сәтбаевта хоккей ойнаған Никита Михайлис ҚХЛ тұрақты чемпионатында 64 кездесу өткізіп, плей-оффтың 19 ойынында 3 (1+2) ұпай жинады;