«40 мың еуро төлейді». «Атырау» легионері қазақ футболындағы жалақы жайында айтты

«40 мың еуро төлейді». «Атырау» легионері қазақ футболындағы жалақы жайында айтты
news-banner7
mobile-news-top

«Атырау» ФК конголық легионері Жоэль Каямба Қазақстан Премьер-лигасында ойнайтын футболшылардың жалақысы туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

«Әрине, Қазақстан көп жалақы беруге дайын. Мұндағы жалақы еуропалық көп лигадағы жалақыдан артық. Бір айырмашылығы – Еуропа футболы тек ақшадан тұрмайды. Еуропада футболшылар дамуды және мықтырақ чемпионатта ойнауды қалайды. Олар ақшаны ойламайды. Қазақстан футболында ақша тым көп. Егер сіз ПСЖ, «Лион», «Марсель», «Монпелье» және басқа да клубтарда ойнасаңыз, cізге көп ақша төленеді, бірақ көп салық төлеуіңіз керек. Франциядағы тәуір клубтар ойыншыларына көп дегенде 40 мың еуро көлемінде айлық төлейді. Ал Қазақстанда Чемпиондар лигасына мүлде қатысып көрмеген, бірақ ойыншыларына 40 мың еуродан көп төлейтін клубтар бар», – деді Жоэль Каямба Meta-ratings.kz сайтына берген сұхбатында.

Жоэль Каямба «Атырау» сапына биыл маусым алдында ауысқан. Қазақстан Премьер-лигасында 4 матчқа қатысты. «Атыраудың» өзі әзірше 3 ұпаймен 10-орында тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер