Әлем футболы

«Байер» алғаш рет Германия чемпионы атанды

«Байер» алғаш рет Германия чемпионы атанды
news-banner7
mobile-news-top

«Байер» футбол клубы мерзімінен бұрын Германия чемпионы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бундеслиганың 29-турында Хаби Алонсо шәкірттері өз алаңында «Вердерді» 5:0 есебімен жеңді.

Осылайша, «Байер» екінші орындағы «Бавариядан» 16 ұпай алға озып, турнирдің аяқталуына 5 тур қалғанда чемпион атанды.

Айта кетейік, леверкузендік клуб өз тарихында алғаш рет Бундеслигада топ жарды. Сондай-ақ, 2013 жылдан бері жалғасып келе жатқан «Баварияның» чемпиондық сериясын бұзды.

«Байер» 1993 жылдан бері ешбір трофей жеңбеген еді. Клуб осыдан 31 жыл бұрын Германия кубогын жеңіп алса, 1988 жылы УЕФА кубогына топ жарған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер