Қазақстандық теннисші Жиронадағы жұптық сайыста ширек финалға шықты
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызҚазақстандық теннисші Александр Недовесов пен эквадорлық Гонсало Эскобар Жиронадағы (Испания) Челленджердің жұптық сайысының ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Алғашқы айналымда қазақстандық Эскобармен бірге Филип Бергеви (Швеция)/Мик Велдхеер (Нидерланды) жұбын 6:3, 4:6, 10:3 есебімен ұтты.
Матч 1 сағат 31 минутқа созылды.