Теннис

Рыбакина беделді турнирдің жартылай финалына шықты

Рыбакина беделді турнирдің жартылай финалына шықты
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Майамидегі (WTA-1000) беделді турнирдің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ширек финалдық кездесуде әлемнің 4-ші ракеткасы Рыбакина WTA рейтингінде 9-орында тұрған грекиялық Мария Саккаримен кездесті.

Кездесу 7:5, 6:7, 6:4 есебімен қазақстандық ойыншының пайдасына шешілді.

Майамидегі турнир 19-30 наурыз аралығында өтеді. Жалпы жүлде қоры 8,9 миллион долларды құрайды.Турнирдің қазіргі жеңімпазы өткен жылы финалдық кездесуде Елена Рыбакинаны ұтқан чех Петра Квитова.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер