Теннис

Майамидегі турнирде үлкен сенсация болды

Майамидегі турнирде үлкен сенсация болды
news-banner7
mobile-news-top

Әлемнің 16-ракеткасы Екатерина Александрова Майамидегі WTA-1000 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ресейлік теннисші төртінші айналымда әлемнің бірінші ракеткасы польшалық Ига Швентекті 6:4, 6:2 есебімен жеңіп сенсация жасады. Кездесу 1 сағат, 24 минутқа созылды.

Александрова келесі кезеңде әлемнің бесінші ракеткасы америкалық Джессика Пегуламен кездеседі. Ойын 27 наурызда өтеді.

Майамидегі WTA-1000 турнирі 19-30 наурыз арасында өтіп жатыр, жүлдеқоры - 8 995 555 доллар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер