Теннис

Қазақстандық теннисші Мексикадағы турнирдің негізгі кезеңіне шықты

Қазақстандық теннисші Мексикадағы турнирдің негізгі кезеңіне шықты
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев Сан-Луис-Потосиде (Мексика) өтіп жатқан «Челленджер» турнирінің негізгі кезеңіне шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Отандасымыз іріктеу кезеңінің финалында германиялық теннисші Эльмар Эйюповичпен кездесті.

Бұл кездесуде 3:6, 7:6 (7:5), 6:3 есебімен қазақстандық теннисші жеңіске жетті.

Кездесу 3 сағат 24 минутқа созылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер