Теннис

Сенімді жеңіс. Елена Рыбакина Майамидегі турнирдің ширек финалына шықты

Сенімді жеңіс. Елена Рыбакина Майамидегі турнирдің ширек финалына шықты
news-banner7
mobile-news-top

Әлемнің төртінші ракеткасы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Майамиде (АҚШ) өтіп жатқан WTA-1000 сериясындағы турнирдің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Төртінші айналымдағы кездесуде Рыбакина (4) әлемнің 18-ракеткасы Мэдисон Кисті 6:3, 7:5 есебімен жеңді.

Матч 1 сағат 20 минутқа созылды.

Рыбакина Майамидегі турнирдің жартылай финалына шығу үшін грекиялық Мария Саккариге (8) қарсы кездесу өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер