Теннис

Қазақстанның екінші ракеткасы Майамиде сенсация жасады

Қазақстанның екінші ракеткасы Майамиде сенсация жасады
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева (әлемнің 68-ракеткасы) Майамиде (АҚШ) өтіп жатқан WTA-1000 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Төртінші айналымындағы кездесуде қазақстандық спортшы WTA рейтингінде 27-орында тұрған украиналық Ангелина Калининаны жеңді. Кездесу 6:4, 7:6 (7:5) есебімен аяқталды.

Матч 2 сағат 21 минутқа созылды.

Майамиде турнирінің ширек финалында Путинцева Виктория Азаренко (Беларусь) - Кэти Бултер (Ұлыбритания) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер