Хоккей

Қазақстандық хоккейші Түркия чемпионы атанды

Қазақстандық хоккейші Түркия чемпионы атанды
news-banner7
mobile-news-top

Бұған дейін «Ертіс» сапында өнер көрсеткен, қазір түркиялық «Буз Адамлар» клубының намысын қорғап жүрген жерлесіміз Бертан Демирделен Түркия чемпионы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі «Головой об лед» парақшасына сілтеме жасап.

Тұрақты маусымда Бертан 10 ойында 32 ұпай (11+21) жинады. Плей-офф кезеңіндегі статистикасы: 5 ойында 4 ұпай (3+1).

Айта кетейік, «Буз Адамлар» Еуропаның Құрлықтық кубогында (осы маусымда Астананың «Номад» жеңімпазы атанды) тұрақты өнер көрсетеді.

Осы маусымда түркиялық команда «Вильнюс Панксты» 6:0, одан кейін «Льеж Бульдогсты» 4:1 және испаниялық «Барселонаны» 9:4 есебімен жеңді. Дәл Испания клубына қарсы ойында отандасымыз 2 шайба соғып, 2 нәтижелі пас берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер