Теннис

Рыбакинаның бітіспес қарсыласы Париж Олимпиадасынан шет қалды. Себебі айтылды

Рыбакинаның бітіспес қарсыласы Париж Олимпиадасынан шет қалды. Себебі айтылды
news-banner7
mobile-news-top

Беларусьтік теннисшілер Арина Соболенко мен Виктория Азаренко Париж Олимпиадасына қатыспайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Tennis Up Date мәліметінше, Соболенко Беларусь президенті Александр Лукашенкомен жақсы қарым-қатынас құрылғаны үшін Олимпиададан шет қалмақ. Теннисші баспасөз мәслихаттарында Лукашенкомен бірге түскен суреттері жайында пікір білдіруден бас тартқан. Бұл да Париждегі додадан шеттетілуге себеп болыпты.

Халықаралық теннис федерациясы (ITF) Беларусь пен Ресей спортшыларының Олимпиадаға бейтарап статуспен қатысуына рұқсат берген.

Еске салайық, Арина Соболенко қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның бітіспес қарсыласы саналады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер