Теннис

Денис Евсеев Испаниядағы челленджер турнирін сәтті бастады

Денис Евсеев Испаниядағы челленджер турнирін сәтті бастады
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық, әлемнің 184-ракеткасы Денис Евсеев Жирона (Испания) челленджер турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады.

Іріктеу сайыстарының 1-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингіде 490-орында тұрған франциялық Кенни Де Схеппермен өткізді.

Д.Евсеев қарсыласын 6:4, 6:4 есебімен тізе бүктірді. Сағат жарымға жуық уақытқа созылған бәсеке барысында ол эйс жасамағанымен, 8 брейк-пойнттың тең жартысын өз есебіне жазды. Франциялық спортшы 9 эйспен бірге 6 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды.

Денис Евсеев іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 327-ракеткасы, румыниялық Сезар Крецумен шеберлік байқасады. Оны ұтса, негізгі додаға қосылады.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер