Теннис

Қазақстандық теннисші халықаралық турнирде жүлдегер атанды

Қазақстандық теннисші халықаралық турнирде жүлдегер атанды
news-banner7
mobile-news-top

Бейрутта (Ливан) үстел теннисінен WTT Feeder Beirut халықаралық турнирі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық Кирилл Герасименко күміс жүлдені еншіледі.

Қазақстандықтың қарсыласы атақты ракетка шебері, жұптық сайыста әлем чемпионы, Азия чемпионатының 10 дүркін жүлдегері Чуан Чи-Юан (Тайбэй) болды.

Матч 3:1 есебімен қарсылас пайдасына аяқталды.

Финалға дейін Герасименко төрт рет сенімді жеңіске жетті, оның ішінде Еуропа чемпионатының күміс және қола жүлдегері Джонис Панагиотисті (Грекия), командалық есепте Азия чемпионатының қола жүлдегері Сатиян Гнанасекарянды (Үндістан) жеңді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер