Басқа

Семсерлесуден Қазақстан командасы әлем кубогінің қола жүлдегері атанды

Семсерлесуден Қазақстан командасы әлем кубогінің қола жүлдегері атанды
news-banner7
mobile-news-top

Шпагамен семсерлесуден Қазақстан ерлер командасы Тбилисидегі әлем кубогі кезеңінде қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Біздің спортшылар жарыстың жартылай финалына дейін жетті. Финал жолдамасы үшін таласта Чехия құрамасымен кездесіп, 36:45 есебімен қарсыласқа жол берді.

Қола медаль үшін өткен кездесуде қазақстандықтар Италияны 45:35 есебімен жеңді.

Айта кетелік, бұл бәсекеде ел намысын Эльмир Алимжанов, Руслан Курбанов, Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай қорғаған болатын.

Одан бөлек, Қазақстан құрамасы Париж Олимпиадасына тарихи жолдама жеңіп алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер