Теннис

Қазақстандық теннисші Майамидегі турнирдің келесі кезеңіне өтті

Қазақстандық теннисші Майамидегі турнирдің келесі кезеңіне өтті
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Майамидегі (WTA-1000) турнирінің 4-айналымына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

1/16 финалдық кездесуде әлемнің 68-ракеткасы Путинцева WTA рейтингінде 79-орында тұрған бельгиялық Грет Минненмен кездесті.

Кездесу 6:2, 2:6, 6:4 есебімен қазақстандық ойыншының пайдасына аяқталды.

Майамидегі турнир 19-30 наурыз аралығында өтеді. Оның жалпы жүлде қоры 8,9 миллион доллар. Турнирдің қазіргі жеңімпазы өткен жылы финалдық кездесуде Елена Рыбакинаны ұтқан чехиялық Петра Квитова.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер