Командалық

Волейболдан Қазақстан чемпионаты: Өскеменнің «Берел» командасы финалға жолдама алды

Волейболдан Қазақстан чемпионаты: Өскеменнің «Берел» командасы финалға жолдама алды
news-banner7
mobile-news-top

Түркістан қаласында әйелдердің Ұлттық лига командалары арасында ХХХІІ Қазақстан чемпионатында финалға шыққан алғашқы клуб анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Берел» (ШҚО) мен «Жетісу» (Талдықорған) командалары үшінші кездесуінде финал жолдамасын сарапқа салды. Осыған дейін қос клуб жартылай финалдық ойындарында бір-бірден жеңіске жеткен еді.

Бүгін бірінші партияда өскемендіктер басымдылықты уысынан шығарған жоқ – 25:19. Екінші сет соңына таман талдықорғандықтар 23:20 есебімен алда тұрды. Әйтсе де Ришат Гилязутдиновтың волейболшылары таразы басын теңестіріп қана қоймай, сетті өз есебіне жазды – 26:24.

Олар соңғы партияда да шебер ойын өрнегін көрсете білді – 25:19. Маңызды ойында жеңіліске ұшыраған сербиялық Марко Гршич жаттықтыратын «Жетісу» командасы енді қола жүлдегк таласады. Ал «Берел» финалға жолдама алды.

Екінші жолдама иесі «Қуаныш» (СҚО) пен «Тұран» (Түркістан) командалары арасындағы ойында анықталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер