Теннис

2024 жылғы Дэвис кубогының топтық кезеңін қабылдайтын қалалар анықталды

2024 жылғы Дэвис кубогының топтық кезеңін қабылдайтын қалалар анықталды
news-banner7
mobile-news-top

2024 жылғы Дэвис кубогының топтық кезеңін қабылдайтын қалалар анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнир 10-15 қыркүйек аралығында Болонья (Италия), Манчестер (Ұлыбритания), Валенсия (Испания), Чжухай (Қытай) қалаларында өтеді. Топтық кезеңнің жеребе тарту рәсімі 19 наурызға жоспарланған.

2023 жылмен салыстырғанда жалғыз өзгеріс болды: хорватиялық Сплиттің орнына топтардың бірі Қытайда ойнайды.

Биыл топтық кезеңде Италия (былтырғы чемпиондар), Аустралия, Аргентина, Бельгия, Бразилия, Ұлыбритания, Германия, Испания, Канада, Нидерланд, Словакия, АҚШ, Финляндия, Франция, Чили және Чехия өнер көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер