Командалық

Волейболдан Қазақстан чемпионаты: «Қуаныш» тартысты матчта «Тұранды» жеңді

Волейболдан Қазақстан чемпионаты: «Қуаныш» тартысты матчта «Тұранды» жеңді
news-banner7
mobile-news-top

Волейболдан әйелдердің Ұлттық лига командалары арасында Қазақстан чемпионатында жүлделі орындар үшін бәсеке қыза түсті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысының «Қуаныш» командасы (бас бапкері Азамат Есімов) өткен жылы финалда Өскеменнің «Алтайына» жол беріп, күміс жүлдені қанағат тұтқан еді.

Биыл «Алтай» ширек финалда «Қуанышқа» есе жібергендіктен, биыл жаңа чемпионның болатыны анық.

Чемпионаттағы жеңіс сериясын плей-офф кезеңінде де жалғастырған «Қуаныш» жартылай финалда алаң иелері - Түркістанның «Тұранына» қарсы келді.

Асқар Шалқыбеков жаттықтыратын түркістандықтар біріншілік барысында екі рет тай-брейкте «Қуаныштан» ұтылған еді.

Жартылай финалдық матч та аса тартысты өтіп, бес партияға созылды.

«Қуаныш» 3:2 (25:14, 17:25, 22:25, 25:22, 15:13) есебімен басым түсіп, чемпиондықтан үміткер екендігін дәлелдей түсті.

15 наурызда қос клуб екінші кездесуін өткізеді. Енді «Қуанышқа» бір жеңіс жеткілікті.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын волейболдан ел чемпионатында «Берелдің» жартылай финалда «Жетісу» командасын жеңген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер