Командалық

Волейболдан әйелдер командалары арасында плей-офф бәсекелері басталды

Волейболдан әйелдер командалары арасында плей-офф бәсекелері басталды
news-banner7
mobile-news-top

Түркістан қаласында волейболдан Ұлттық лиганың әйелдер командалары арасында ХХХІІ Қазақстан чемпионатының плей-офф бәсекелері басталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Алаңға алғашқы болып «Жетісу» (Талдықорған) және «Ертіс» (Павлодар) командалары шықты.
Бұл ойында талдықорғандықтар 3:1 (25:23, 25:22, 20:25, 25:17) есебімен жеңіске жетіп, өздерінің фаворит екендігін дәлелдеді.

Сондай-ақ «Берел» (ШҚО) «Қарағанды» командасын 3:0 (25:13, 25:20, 25:9) есебімен оңай ұтты.
Талдықорғандықтар мен өскемендіктер келесі ойынында қарсыласын тізе бүктірсе, жартылай финалда өзара мықтыны анықтайды.

Чемпионатты қатарынан он жеңіспен аяқтаған «Қуаныштың» (СҚО) Өскеменнің «Алтайынан» басым түсетіні анық. Өткен жылы чемпион атанғанымен, көптеген белді ойыншысы кетіп қалған «Алтайда» қазір жастар ғана ойнап жүр. Ал түркістандық «Тұран» мен «Алматының» плей-офта қай жеңгені жартылай финалда «Қуанышпен» кездеседі.

Плей-офф бәсекесінде екі жеңіске жеткен команда жартылай финалға жолдама алады. Есеп 1:1 болса, қосымша үшінші матч ойналады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер