Киберспорт

Cloud9 IEM Dallas 2024 іріктеуіне қатысудан бас тартты

Cloud9 IEM Dallas 2024 іріктеуіне қатысудан бас тартты
news-banner7
mobile-news-top

Counter-Strike 2-ден Ресейлік Cloud9 командасы IEM Dallas 2024 іріктеуіне қатысудан бас тартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы киберспорт ұйымының өкілдері әлеуметтік желіде хабарлады. Клуб мұндай шешімді PGL CS2 Major Copenhagen 2024 әлем чемпионатына дайындалу үшін қабылдады.

Cloud9-тың орнына Apeks командасы өнер көрсетеді.

PGL CS2 Major Copenhagen 2024 турнирі 17 наурыз бен 31 наурыз аралығында Данияда өтеді. Үздік 24 қатысушы жалпы жүлде қоры 1,25 миллион долларды сарапқа салады. Абай HObbit Хасеновтың командасының қарсыласы ECSTATIC болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер