Командалық

Қазақстан су добынан Азия чемпионатында жүлдегер атанды

Қазақстан су добынан Азия чемпионатында жүлдегер атанды
news-banner7
mobile-news-top

Нью-Кларк-Ситиде (Филиппин) өткен су спортынан Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар үшінші орын алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қола үшін финалдық кездесуде қазақстандық спортшылар Қытай құрамасын 7:4 есебімен ұтты. Турнирдің «алтыны» финалда ирандық команданы 17:13 есебімен жеңген жапондықтарға бұйырды.

Әйелдер арасында су добынан өткен жарыста қазақстандық спортшылар топтық турнирдің соңғы кездесуінде Тайланд құрамасынан 11:15 есебімен ұтылып, төртінші орын алды.

Жалпы командалық есепте Қазақстан 30 алтын, 20 күміс және 8 қола медальмен Жапониядан ғана қалып, екінші орынға тұрақтады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер