Киберспорт

Complexity Gaming менеджері PGL CS2 Major Copenhagen 2024: American RMR форматын сынға алды

Complexity Gaming менеджері PGL CS2 Major Copenhagen 2024: American RMR форматын сынға алды
news-banner7
mobile-news-top

Counter-Strike 2-ден Complexity Gaming команданың бас менеджері Грэм messioso Питт PGL CS2 Major Copenhagen 2024: American RMR турнирінің мейджорға шыққаннан кейінгі форматын сынға алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Мен мейджорға шыққанды тойлағым келеді, бірақ Liquid қатысты әділетсіздікті байқамау қиын. Егер бізге қарсы матчты есептемегенде, олар тек FURIA-дан жеңілді.

Америкалық RMR жүйесі реформаны қажет етеді. Менің ойымша, швейцариялық жүйе 16 команданың бесеуін анықтауға жарамайды. Double Elimination әдісі аймақтағы ең мықты командаларды анықтау үшін қолайлы», - деп жазды Питт Twitter-де.

PGL CS2 Major Copenhagen 2024: American RMR турнирі 1-5 наурыз аралығында Мексикада өтті. Қатысушылар мейджорға бес жолдаманы сарапқа салды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер