Теннис

Қазақстандық теннисші қатарынан екінші турнирде топ жарды

Қазақстандық теннисші қатарынан екінші турнирде топ жарды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин (АТР рейтингінде 165-орын) Тенерифеде өтіп жатқан Челленджер сериясы турнирінде финалдық кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық шешуші кездесуде әлемдік рейтингте 156-орында тұрған Испания өкілі Маттео Гигантемен шеберлік сынасты. Кукушкин бірінші сетте 6:2 есебімен жеңіске жетті, ал екіншісінде қазақстандықтың пайдасына 2:0 есебі кезінде қарсылас жарақатына байланысты кездесуді жалғастырудан бас тартты.

Естеріңізге сала кетейік, ақпан айының ортасында Михаил Манамада (Бахрейн) Челленджерде жеңіске жеткен болатын. Турнирдің финалдық кездесуінде қазақстандық ойыншы француз Ришар Гаскеті екі сетте 7:6, 6:4 есебімен ұтты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер