Ауыр атлетика

Ауыр атлетикадан ҚР чемпионаты: 3 салмақта үздіктер анықталды

news-banner7
mobile-news-top

Қостанайда ауыр атлетикадан кезекті ел чемпионаты өтіп жатыр. 15 ақпан, яғни біріншіліктің алғашқы күні ерлер 55 келі салмақта, ал әйелдер 45 және 49 келіде өзара мықтыны анықтады.

Жарыс қорытындысы:
Ерлер. 55 келі.
1-орын - Исламжан Мұзапаров (Жетісу облысы) — 223 келі (96+127)
2-орын - Анатолий Грубов (Жетісу облысы) — 222 келі (107+117)
3-орын - Нұрбол Ешімбеков (Қарағанды облысы) — 208 келі (88+120)

Әйелдер:

45 келі.
1-орын - Айнұр Әбдіқалықова (Жамбыл облысы) — 130 келі (60+70)
2-орын - Ирина Чумак (Қостанай облысы) — 114 келі (48+66)
3-орын - Снежана Кашкарова (Жетісу облысы) — 113 келі (51+62)

49 келі: (Олимпиадалық салмақ)
1-орын - Айгерім Әуелбек (Жетісу облысы) — 149 келі (69+80)
2-орын - Регина Никифорова (Жетісу облысы) — 133 келі (58+75)
3-орын - Валерия Васечко (Ақмола облысы) — 128 келі (56+72)

Биыл ел біріншілігіне 18 өңірден келген 242 спортшы (151 ер, 91 әйел) жекелей және командалық сында бақ сынайды.

Бәсеке 21 ақпанға дейін жалғасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер