Күрес

Еркін күрестен ел біріншілігінде Жамбыл облысы бас жүлдені иеленді

Еркін күрестен ел біріншілігінде Жамбыл облысы бас жүлдені иеленді
news-banner7
mobile-news-top

Күрес түрлерінен ересектер арасында өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында жалпыкомандалық есепте Жамбыл облысының балуандары топ жарды.

Атап айтсақ, жамбылдықтар жалпы есепте 2 алтын, 3 күміс, 1 қола медальмен бірінші орынға ие болса, екінші орынға Алматы қаласының балуандары қол жеткізді. Олардың еншісінде 2 алтын, 2 күміс медаль бар. Ал үздік үшінші орынға 1 алтын, 2 қола медаль жеңіп алған маңғыстаулық балуандар ие болды.

Еркін күрестен ел біріншілігінде Жамбыл облысы бас жүлдені иелендіФото: Күрес түрлері федерациясы

Медальдар бойынша жалпыкомандалық есеп:

Жамбыл облысы — 2 алтын, 3 күміс, 1 қола

Алматы қаласы — 2 алтын, 2 күміс

Маңғыстау облысы — 1 алтын, 2 қола

БҚО — 1 алтын, 1 қола

Ақтөбе облысы — 1 алтын, 1 қола

Астана қаласы — 1 алтын, 1 қола

Жетісу облысы — 1 алтын, 1 қола

СҚО — 1 алтын

Алматы облысы — 3 күміс, 3 қола

Атырау облысы — 2 күміс

ШҚО — 3 қола

Ақмола облысы — 3 қола

Павлодар облысы — 1 қола

Шымкент қаласы — 1 қола

Түркістан облысы — 1 қола

Қостанай облысы — 1 қола

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер