Жеңіл атлетика

Indoor Tour 2024: Астанада тұңғыш рет жеңіл атлетикадан жарыс басталды

Indoor Tour 2024: Астанада тұңғыш рет жеңіл атлетикадан жарыс басталды
news-banner7
mobile-news-top

Елордада жеңіл атлетикадан World Indoor Tour Gold - Astana Amoor meet for Amin Tuyakov Prizes сериясындағы халықаралық турнирі басталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Бұл - Қазақстанда бұрын-соңды болмаған аса ірі жарыстардың бірі.

Жарысқа 45 елден 136 спортшы қатысады. Оның ішінде, 4 Олимпиада чемпионы, 10 әлем чемпионы, 3 Еуропа чемпионы, 1 Азия чемпионы бар.

Атап айтсақ, турнирге сырықпен секіруден Токио Олимпиадасының жеңімпазы, екі дүркін әлем чемпионы, тағы күміс жүлдегері, қазіргі әлем рекордының иесі (6,23 м) Арман Дуплантис (Швеция) қатысады. 200 метрге жүгіруде Гауһар лига финалының жеңімпазы Андре де Грасс (Канада), 100 метрге кедергілер арқылы жүгіруден әлем чемпионы, Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Ниа Али, 100 метрге кедергілер арқылы жүгіруден әлем чемпионы Тоби Амусан секілді жеңіл атлетика жұлдыздары бар.

Ал Қазақстан сапынан 28 жеңіл атлет бақ сынайды. Олардың арасында танымал отандық спортшылардан Надежда Дубовицкая, Давид Ефремов, Ольга Сафронова, Кристина Овчинникова, Виталий Земс, Аделина Земс бар.

Әмин Тұяқовтың жүлдесіне арналған айтулы жарысты жаһанның 80 мемлекетінде тікелей эфирде көрсетеді.

Жарыс Астанадағы Qazaqstan жеңіл атлетика кешенінде өтіп жатыр.

Елордада төмендегі санаттағы жарыстар өтеді:

Әйелдер: 400 м, 60 м, 1 миль (1 609 метр), 60 м кедергілер арқылы, биіктікке секіру, ұзындыққа секіру.

Ерлер: 60 м, 60 м кедергілер арқылы, 3 000 м, 400 м, сырықпен секіру, ядро лақтыру.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер