Күрес

Бүгін Zagreb Open рейтингілік турнирде Эльмира Сыздықова күреседі

Бүгін Zagreb Open рейтингілік турнирде Эльмира Сыздықова күреседі
news-banner7
mobile-news-top

Хорватия астанасы Загреб қаласында өтіп жатқан Zagreb Open рейтингілік турнирінде бүгін Эльмира Сыздықова (76 келі) күреседі, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ел құрамасы сапында Эльмира Сыздықова - тәжірибелі балуанның бірі. 1992 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген ол 2016 жылы Рио-де-Жанейро Олимпиадасында қола медаль алды.

Ал Азия чемпионатында 2021, 2023 жылдары алтын алса, 2015, 2016 жылдарда күміс жүлдегер атанып, 2014, 2018, 2020 жылдарда үздік үштікке тұрақтады.

Рейтингілік турнирде әйелдер құрамасы сапында бақ сынаған Ирина Казюлина (65 келі) мен Елена Шалыгина (68 келі) жүлдеге қол жеткізе алған жоқ.

Айта кетсек, бұдан бұрын аталған рейтингтік турнирде Еркін күрестен ұлттық құрама көшбасшысы Азамат Дəулетбеков (86 келі) күміс жүлдегер атанды.

Сондай-ақ биыл 6-9 маусым күндері Венгрияның Будапешт қаласында кезекті рейтингілік турнир ұйымдастырылады.

Ал 11-16 сәуір аралығында балуандар Қырғыз елінің астанасы Бішкекте өтетін жыл сайынғы Азия біріншілігінде де рейтингілік ұпайлар үшін күреседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер