Әлем футболы

Түркиядағы дау. Клуб президенті матчтан кейін төрешіні ұрып-соқты

Түркиядағы дау. Клуб президенті матчтан кейін төрешіні ұрып-соқты
news-banner7
mobile-news-top

«Анкарагюджю» президенті Фарук Коджа Түркия чемпионатының 15-турындағы «Ризеспорға» қарсы матчтан кейін алаңға жүгіріп шығып, бас төреші Халил Умут Мелерді ұрып-соқты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Анкарадағы кездесу 1:1 есебімен аяқталды. Мелер бірінші таймда алаң иелерінің голын есептемей, 50-минутта Али Соуға қызыл қағаз көрсеткен. «Ризеспор» 97-минутта таразы басын теңестірді. Бұл уақытта командалар он футболшымен ойнап жатқан.

Матчтан кейін Коджа алаңға жүгіріп шығып, төрешінің бетінен ұрған.

Кейін алаңда жатқан Мелерді тағы басқалары тепкінің астына алған. Оған басында медициналық көмек көрсетіліп, кейін ауруханаға жатқызылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер