Күрес

Күрестен 2024 жылғы Қазақстан біріншілігін қабылдайтын қала анықталды

Күрестен 2024 жылғы Қазақстан біріншілігін қабылдайтын қала анықталды
news-banner7
mobile-news-top

Күрестен 2024 жылғы Қазақстан біріншілігі Астанада өтеді. Бұл туралы Olympic.kz сайты хабарлайды.

Лицензиялық турнирлер қарсаңындағы дүбірлі сын 5-11 ақпан аралығында өтпек.

Қазақстан чемпионатында топ жарған олимпиадалық салмақтағы спортшылар Париж ойындарының жолдамасына таласады.

Олимпиадаға іріктеу турнирлері 19-21 сәуір аралығында Бішкекте, 9-12 мамыр аралығында Стамбулда өтеді.

Айта кетелік, күрес түрлерінен Қазақстан командасында әзірге екі жолдама бар. Еркін күрес шебері Азамат Дәулетбеков (86 келі) пен грек-рим күресінің өкілі Нұрсұлтан Тұрсынов (87 келі) Белградтағы әлем чемпионатынла лицензия иеленген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер