Еркін күрес

Ризабек Айтмұхан олимпиадалық салмаққа ауысты

Ризабек Айтмұхан олимпиадалық салмаққа ауысты
news-banner7
mobile-news-top

Әлем чемпионы, қазақстандық балуан Ризабек Айтмұхан олимпиадалық салмаққа ауысты. Бұл жөнінде еркін күрестен Қазақстан командасының бас бапкері Мадияр Құрамысов мәлімдеді.

«Ризабек Айтмұхан олимпиадалық салмақ саналатын 97 келіде өнер көрсетеді. Қазір Азамат Дәулетбековпен бірге Осетияда жаттығып жатыр. Бұл салмақта Әлішер Ерғали есімді балуанымыз да бар. Кім мықты екені ұлттық чемпионатта шешіледі. Яғни, жеңіске жеткен палуан, лицензияға таласады», - деді бас бапкер.

Ішкі біріншілік алдағы қаңтар айында Астанада ұйымдастырылады деп жоспарланып отыр. Ол жерде барлық салмақтағы үздіктер анықталып, лицензиялық турнирге қатысатын ұлттық құрама жасақталады. Ал, олимпиада жолдамалары сарапқа салынатын жарыс сәуір айында Қырғызстан астанасы Бішкекте болады.

Айта кетейік, Ризабек Айтмұхан биыл әлем чемпионатында топ жарып, отандық спорт үшін тарихи нәтиже тіркеді. Ол 92 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен болатын. 19 жастағы Ризабек еркін күрестен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ саналады.

Түпнұсқасы: 24.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер