Күрес

UWW Сұлтан Әсетұлын қазан айының үздік балуаны деп атады

UWW Сұлтан Әсетұлын қазан айының үздік балуаны деп атады
news-banner7
mobile-news-top

Біріккен күрес әлемі (UWW) қазақстандық грек-рим күресінің шебері Сұлтан Әсетұлын қазан айының үздік балуаны деп атады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Сұлтан Әсетұлы (67 келі) жақында Албания астанасы Тиранада Олимпиада бағдарламасына енгізілген күрес түрлерінен 23 жасқа дейінгі жастар арасында өткен әлем чемпионатында жеңімпаз атанған еді.

Жамбыл облысында дүниеге келген балуан дүбірлі додада финалға дейін украиналық Олег Халилов, италиялық Стив Момилиа, ресейлік Муслим Имадаев, әзербайжандық Хасан Маммадлиді қапы қалдырды.

Ол финалда түркиялық Мұстафа Йылдырымды 2:1 есебімен жеңді. Осылайша Сұлтан Әсетұлы 23 жасқа дейінгі санатта қазақстандық балуандар арасында тұңғыш əлем чемпионы атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер