Еркін күрес

Қазақстандық чемпион әлемдік рейтингте көш бастады

Қазақстандық чемпион әлемдік рейтингте көш бастады
news-banner7
mobile-news-top

19 жастағы қазақстандық еркін күрес балуаны Ризабек Айтмұхан 92 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде әлемдік рейтингте көш бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Екінші орында грузиялық Мириан Майсурадзе тұр, үздік үштікті Әзербайжан өкілі Осман Нурмагомедов түйіндеді.

Естеріңізге сала кетейік, 18 қыркүйекте Ризабек Айтмұхан Белградта өткен әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алып, Қазақстан тарихындағы еркін күрестен тұңғыш әлем чемпионы атанған болатын.

Фото: olympic.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер