Күрес

Астана әкімі Жәмила Бақбергеноваға пәтер кілтін табыстады

Астана әкімі Жәмила Бақбергеноваға пәтер кілтін табыстады
news-banner7
mobile-news-top

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек XIX Жазғы Азия ойындарының жеңімпаздарымен кездесіп, оларға сыйлық тарту етті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Ханчжоуда өткен спорттық додада елорданың спортшылары 10 медаль жеңіп алды. Олар ел қоржынына 1 алтын, 3 күміс және 6 қола салды. Елорда әкімі жеңіс төрінен көріген спортшылармен кездесіп, оларды жеке құттықтады.

«Спортшыларымыз қайсарлығының, табандылығының арқасында жақсы нәтиже көрсетті. Әрбір медальдың артында тоқтаусыз жаттығулар, жеңіске деген жігер, отбасының, жанкүйерлері мен жаттықтырушыларының қолдауы жатыр.

Сіздер – елордамыздың ғана емес, бүкіл еліміздің мақтанышы болып есептелесіздер. Жеңістеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Алда әлі талай жарыс күтіп тұр, ең бастысы Парижде өтетін Олимпиада бар. Спорт командаларымыздың бәсекеге қабілетін арттыру үшін кешенді жұмыс жүргізуіміз керек», - деді Қасымбек.

Сонымен қатар кездесуде спорт нысандарын дайындау, жабдықтау, спортшылар мен жаттықтырушыларды ынталандыру мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ аталмыш жиын Жеңіс Қасымбек Азия ойындарында әйелдер күресінен күміс жүлдегер атанған Жәмила Бақбергеноваға бір миллион теңге сертификаты мен Астанадан бір бөлмелі пәтер кілтін табыстады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер