Күрес

Галина Дуванова финалға жолдама алды

Галина Дуванова финалға жолдама алды
news-banner7
mobile-news-top

Джитсерші Галина Дуванова Ханчжоуда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарының финалына шықты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Джиу-джитсудан 57 кг салмақта бақ сынайтын ол жартылай финалда әлем чемпионатының 3 дүркін жүлдегері Орапа Сенатамның (Таиланд) осал тұсын тапты.

Оған дейін Галина іріктеуде Вуонг Мин Нгуен (Вьетнам) мен Удвал Цогхууды (Моңғолия) жеңген. Енді финалда Азияның 3 дүркін чемпионы Анние Рамирезбен (Филиппин) күш сынасады.

Галина үшін бұл екінші Азиада. Ол Джакртадағы бәсекеде 9-сатыдан көрінген. 24 жастағы Дуванова былтыр АҚШ-тың Бирмингем қаласында өткен Дүниежүзілік ойындарда күміс жүлдегер атанған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер