Күрес

Қазақ балуаны Азия ойындарында алтын жүлдеге таласады

Қазақ балуаны Азия ойындарында алтын жүлдеге таласады
news-banner7
mobile-news-top

Қытайдың Ханчжоу қаласында жазғы Азия ойындары жалғасуда, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бүгін татамиге шыққан төрт қазақстандық спортшылар жүлдеге таласады. Мейіржан Шермаханбет тіпті алтын медаль алуы мүмкін. Қазақстандық жартылай финалда керемет жекпе-жек өткізді. 0:7, одан кейін 2:9 есебімен жеңіліп жатып, ирандық қарсыласын мерзімінен бұрын ұтып кетті.

Мейіржан финалда Жапонияның балуанымен күш сынасады.

Айдос Сұлтанғали жартылай финалда жапондық Сузукиге есе жіберді. Азат Садықов танымал Ақ жол Махмұдовтан ұтылды.

Мақсат Сайлау да қола үшін таласады – оның өзбекстандық қарсыласы финалға шығып, қазақстандықтың медаль үшін күресіне жол ашты.

Медальдар үшін жекпе-жек Астана уақытымен сағат 15.00-де басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер