Күрес

Президент Ризабек Айтмұханды тарихи жеңісімен құттықтады

Президент Ризабек Айтмұханды тарихи жеңісімен құттықтады
news-banner7
mobile-news-top

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлем чемпионы Ризабек Айтмұқанды жеңіске жетуімен құттықтады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

«Еркін күрес шебері Ризабек Айтмұқанды Белградта өткен күрес түрлерінен әлем чемпионатында алтын медаль иеленуімен құттықтаймын! Ол қазақ балуандары арасында тұңғыш рет әлем чемпионы атанды. Бұл – тарихи жетістік. Ризабек Айтмұқанның жарқын жеңісі жас буынның спортқа құлшынысын арттырады деп сенемін», – деді Президент.

Еске салайық, Ризабек Айтмұқан 92 келі салмақ дәрежесінде еркін күрестен алғаш рет әлем чемпионы атанған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер