Күрес

Күрестен әлем чемпионаты: 4-жарыс күнінің тікелей трансляциясы

Күрестен әлем чемпионаты: 4-жарыс күнінің тікелей трансляциясы
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Белградта (Сербия) күрестен 2023 жылғы әлем чемпионатының 4-жарыс күні өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан құрамасы сапынан Әділ Оспанов (65 келіге дейін), Іңкәр Жанатаева (76 келіге дейін), Марал Тәңірбергенова (50 келіге дейін), Айнұр Әшімова (57 келіге дейін) және Ирина Казюлина (65 келіге дейін) өнер көрсетеді.

Еске сала кетейік, Сербиядағы турнирде Олимпиадаға іріктеу болады. Онда әр олимпиадалық салмақта 5 жолдама сарапқа салынады.

Жекпе-жектер Астана уақытымен 14:30-да басталады. Трансляцияны Qazsport телеарнасынан көруге болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер