Қазақстандық балуан әлем чемпионатының жартылай финалына шықты
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызБүгін Белградта (Сербия) күрес түрлерінен 2023 жылғы әлем чемпионатының екінші жарыс күні өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
92 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін қазақстандық еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан турнирдің жартылай финалына шықты. 1/4 финалда ол Түркия өкілі Фейзулла Актюркті жеңді.
Қазақстанның тағы екі өкілі жеңіліс тапты. Нұрқожа Қайпанов (74 келі) 1/8 финалда америкалық Кайл Дэйкке есе жіберді. Болат Сақаев (79 келі) ширек финалда грузиялық Владимир Гамкрелидзеден жеңілді.
Айта кетейік, әлем чемпионаты 24 қыркүйекке дейін жалғасады.