Ауыр атлетика

Илья Ильин өз-өзіне қол салып, қайтыс болған ауыр атлет туралы жазба жариялады

news-banner7
mobile-news-top

Ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанған қазақстандық спортшы Илья Ильин белгілі ауыр атлет, Қазақстанның төрт дүркін чемпионы атанған Владимир Седовтың қазасына қатысты барша жақындарына көңіл айтып, жазба жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Илья Ильин марқұмның отбасына, туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтыпInstagram желісінде жазба жариялады.

“Бүкіл Қазақстан және әлемдік ауыр атлетика үшін, оның отбасы үшін орны толмас үлкен қайғы туралы естідім. Әріптесім, зілтемірші Владимир Седов, ҚР-ның еңбек сіңірген спорт шебері, Бейжің – 2008 Олимпиадасына қатысушы, 2009-2014 жылдардағы Әлем чемпионы және жүлдегері, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы және рекордшысы дүниеден өтті. Баршаңызбен бірге қайғырып көңіл айтамын”, – деді ол.

Спортшы ҚР-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы атағын алуда Владимирдің еңбегі болғанын алға тартты.

“2014 жылы Володя менің командамда әлем чемпионатында өнер көрсетіп, күміс медаль алды. Сол жеңісінің арқасында ҚР-ның Еңбек сіңірген жаттықтырушысы атағын алдым. Бұл үшін мен оған әрқашан алғыс айтамын. Өкінішке орай, соңғы жылдары жолымыз екіге бөлініп кетті. Дегенмен мен оны спортшы ретінде де, мықты тұлға ретінде де құрметтеймін”, – деп қосты ол.

Сөз соңында Ильин өз-өзіне қол жұмсап, қаза болған спортшы туралы алып-қашпа әңгімелерді тарататындарға ескерту жасады.

“Володя жоғары деңгейдегі кәсіпқой, ақылды, талантты жан болды. Ол бапкер ретінде көптеген мықты зілтеміршілер мен чемпиондарды тәрбиелеуі мүмкін еді. Бірақ тағдырдың жазғаны осы болды. Ал осындай қиын сәттерде өсек-аяңға еріп, сынап жүрген адамдарға айтарым біреуді айыптамас бұрын, оның өмір жолымен жүріп көріңіз...

Володяның отбасына тағы да қайғырып көңіл айтамын”, – деді спортшы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер